Categories Көңіл ашар

«Mecenat.kz» сыйлығының иегері анықталды: жеңімпаз кім?

Астанада «Mecenat.kz» әдеби сыйлығының жеңімпазы марапатталды. Бұл – қазіргі Қазақстан туралы ең үздік романға берілетін жыл сайынғы дәстүрлі байқау, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Биылғы сыйлықтың иегері – белгілі жазушы Айгүл Кемелбаева. Оның «Жол» романы қазылар алқасының ерекше ілтипатына бөленді.

«Бұл роман – заманауи қазақ қоғамының күрделі мәселелерін терең әрі шынайы бейнелеген туынды. Жеңімпазды шын жүректен құттықтаймын», – деді қазылар алқасының төрағасы, ақын Бауыржан Қарағұлов.

Сыйлықтың ақшалай сомасы 5 миллион теңгені құрайды. Бұл қаражат жазушыға жаңа шығармасын жазуға серпін бермек.

«Mecenat.kz» сыйлығы 2018 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Осы уақыт ішінде отандық әдебиеттің дамуына зор үлес қосқан бірнеше автор марапатталды.

Ұқсас жазбалар

Қазақстандағы 286 музейде 4,5 млн жәдігер сақталған – Балаева

Аида Балаева Халықаралық музей күнінде еліміздегі 286 музейде 4,5 млн жәдігер сақталатынын мәлімдеді.

17 секундта жеңіп, 1 миллиардтан астам теңге алды: файтердің рекордтық жекпе-жегі

Лос-Анджелесте өткен шоуда файтер 17 секундта жеңіп, 1 миллиард теңгеден астам гонорар алды. Бұл оның…

PGL Astana 2026: 16 мың адам аренада, 500 мың онлайн көрді

PGL Astana 2026 турнирін 16 мың адам аренада, 500 мың адам онлайн көрді. Жартылай финалға…