Categories Жайық news

БҚО делегациясы Қытайда: сауда-экономикалық ынтымақтастық кеңейеді

БҚО делегациясы Қытайда: сауда-экономикалық ынтымақтастық кеңейеді, -деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерге инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасы аясында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев бастаған делегация Қытайдың Шаньдун провинциясының орталығы — Вейфан қаласына ресми сапармен барды.

Сапар барысында энергетика, ауыл шаруашылығы, медицина және өзге де салаларда өзара тиімді жобаларды жүзеге асыруға бағытталған бірқатар меморандумдарға қол қойылмақ.

Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев бұл іссапардың облыс үшін жаңа экономикалық кезеңнің бастауы болатынын және Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың нығая түсуіне жол ашатынын атап өтті.

Делегацияның жұмыс сапары бірнеше күнге жалғасады. Кездесу Қазақстан Республикасының Қытайдағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Ұқсас жазбалар

Астанада мешітте намаз оқып тұрған ер адамның телефоны ұрланды

Астанадағы мешітте намаз оқып жатқан ер адамның iPhone 13 ұялы телефоны ұрланды. Полиция күдіктіні ұстады.

Алматы – Қорғас тасжолында жеңіл көліктер зақымданды

Алматы – Шелек – Қорғас тасжолында жүк көліктері бетон жабындысын бүлдіріп, жеңіл көліктерге зақым келтірді.…

Қостанай облысында тыңайтқыш алудың ыңғайлы тәсілі енгізілді

Қостанай облысында биыл 5 млн гектар алқапқа тұқым себу жоспарланып, 97 пайызы орындалды. «Борис Романовский»…