Президент Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің Аға кеңесшісін қабылдады

Сурет: Aikyn.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қатысуының маңыздылығын айтып, ұйыммен нәтижелі ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде Газа секторындағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған Қазақстан бастамалары талқыланды. Олар әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіру, білім беру және денсаулық сақтау жобаларын іске асыру, азық-түлік қауіпсіздігін қолдауды қамтиды.

Арье Лайтстоун Қазақстан Президенті мен халқын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, елге бейбітшілік пен бақ-береке тіледі. Сондай-ақ ол Мемлекет басшысына АҚШ президенті Дональд Трамптың ыстық ықыласы мен лебізін жеткізді.

Бейбітшілік кеңесінің өкілі Қазақстанның халықаралық ұйымдар жұмысына белсене қатысуын, соның ішінде Ибраһим келісімдеріне қосылу туралы шешімін жоғары бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Арье Лайтстоун көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық, TRIPP және Орта дәліз аясындағы ықпалдастық перспективасын талқылады. Қазақстанның өңіраралық байланысты нығайтуға және халықаралық көлік бағдарын әртараптандыруға қызығушылығы атап өтілді.

Кездесу соңында Президент пен Ұйым өкілі екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін растады.

Ұқсас жазбалар

Брайль қарпіндегі Конституция таныстырылды

Ұлттық кітапханада Брайль қарпімен басылған жаңа Конституция таныстырылды. Бұл бастама зағип және нашар көретін азаматтардың…

Жыл басынан бері 160-тан астам күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық құрылымдарға қатысы бар күдіктілердің топ құру, басшылық ету және қатысу…

Қазақстанда саусақ ізін алудың жаңа тәртібі 1 шілдеден бастап күшіне енді

1 шілдеден бастап дактилоскопиялық және геномдық тіркеудің жаңартылған қағидалары күшіне енді. Өзгерістер саусақ іздерін алу…