БҚО-да энергетика саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті

БҚО-да энергетика саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Батыс Қазақстан облысында энергетика саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға сала мамандары мен ардагерлері, сондай-ақ облыс басшылығы қатысты.

Жиында облыс әкімі Нариман Төреғалиев Мемлекет басшысының энергетика саласының ел дамуы үшін стратегиялық маңызы туралы пікірін атап өтіп, өңірде атқарылған нақты жұмыстарға тоқталды. Соңғы үш жылда жалпы құны 13 млрд теңге болатын 12 жоба жүзеге асып, 6 мың шақырымға жуық тозған электр желілері жаңартылды. Нәтижесінде желілердің тозу деңгейі 82%-дан 75,4%-ға төмендеді.

Өңірде Орал жылу-электр орталығының №1 турбоагрегатын жаңғырту арқылы станция қуаты 12,5 МВт-қа артып, 58 МВт-қа жетті. Су, кәріз және жылу жүйелерін жаңарту аясында жаңа ұңғымалар бұрғыланып, мыңдаған тұрғын тұрақты инфрақұрылыммен қамтылды. Газдандыру деңгейі 99,8%-ға жетіп, бірқатар ауыл алғаш рет газға қосылды.

Сондай-ақ облыста жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция тарту жұмыстары күшейтіліп, күн, жел және газ электр станцияларын салу жобалары басталды. Шара соңында сала дамуына үлес қосқан бірқатар маман мемлекеттік және ведомстволық марапаттарға ие болды.

Ұқсас жазбалар

3 шілдеде Астананың үш ауданында электр жарығы уақытша өшеді

3 шілдеде Астананың Алматы, Нұра және Сарыарқа аудандарында жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты электр жарығы уақытша…

Ыстанбұлдағы дәмханадан шыққан өрт орманға тарады

Ыстанбұлдағы Бұюкада аралындағы дәмханадан шыққан өрт орманға тарады. Өртке газ баллонының жарылуы себеп болған. 4…

Президент Cameco корпорациясының басшысын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы аясында Cameco Corporation атқарушы директоры Тим…