Курьер әйелдің отбасы ұсынылған көмектен бас тартқан

Сурет: Egemen Qazaqstan

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, әлеуметтік желіде қызу талқыланған нәрестесін көтеріп жұмыс істеген курьер әйелдің отбасы Алматыдан кетіп, Шымкентке қоныс аударған. Бұл туралы Сенат кулуарында бірінші вице-министр Ербол Тұяқбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, жарияланым тарағаннан кейін Алматы қаласының әлеуметтік қорғау басқармасы отбасы мүшелерімен кездесіп, оларға жұмысқа орналасуға қатысты көмек ұсынған. Алайда отбасы ұсынылған көмектен бас тартып, өз еркімен Шымкентке көшкен.

Вице-министрдің сөзінше, қазіргі уақытта олар бұрынғыдай ата-аналарымен бірге тұрып жатыр.

Журналистер мемлекеттік органдардың курьер әйелдің туыстары мен несие міндеттемелері туралы мәліметтерді жария етуінің заңдылығын да сұрады.

Ербол Тұяқбаев жеке сәйкестендіру нөмірі, аты-жөні немесе нақты жұмыс орны секілді дербес деректер жарияланбағанын айтты. Оның айтуынша, туыстарының қызмет саласы отбасының әлеуметтік жағдайын бағалау мақсатында ғана аталған.

«Бұл отбасының жағдайы жақсы дегенде, олардың бай немесе аса ауқатты екенін меңзеп отырған жоқпыз. Әңгіме цифрлық отбасы картасы бойынша орташа деңгейдегі отбасы туралы болып отыр», деді ол.

Сондай-ақ вице-министр отбасы мүшелерінің несиесі туралы ақпаратты жариялауда заң бұзушылық жоқ деп есептейтінін жеткізді. Оның сөзінше, нақты қандай несие екені және қай банктен алынғаны айтылмаған, тек отбасыда несие бар екені ғана көрсетілген.

Ұқсас жазбалар

Президент Cameco корпорациясының басшысын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы аясында Cameco Corporation атқарушы директоры Тим…

Мемлекет басшысы AD Ports Group басшысын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев AD Ports Group басшысы Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесіп, Каспий аймағының көлік-транзит әлеуетін кеңейту мәселелерін…

Мемлекет басшысы Anadolu Group холдингінің төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Anadolu Group холдингінің төрағасы Камиль Сулейман Языджиді қабылдады. Кездесуде инвестициялық ынтымақтастықты…