Categories Жайық news

Әбілхайыр хан «тірілді»: Батыс Қазақстанда тұрғындарды жасанды интеллект құттықтады

Батыс Қазақстан облысында 14 наурыз – Амал мерекесі заманауи технологиялармен аталып өтті. Жасанды интеллект көмегімен тарихи тұлға Әбілхайыр ханның бейнесі жандандырылып, қала тұрғындарын LED экрандар арқылы құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Облыс орталығының барлық LED экрандары мен электрондық тақталарында Амал мерекесіне арналған арнайы цифрлық құттықтаулар көрсетілді. Бұл бастама ғасырлар бойы жалғасқан дәстүр мен озық технологияның ортақ үндестігін көрсетті. Қаланың орталық көшелері мен қоғамдық орындарында орнатылған экрандар ерекше мерекелік атмосфера қалыптастырды.

Амал мерекесі немесе Көрісу күні – қазақтың дәстүрлі күнтізбесіндегі маңызды дата. Бұл күн тек амандасып, құшақтасу рәсімі ғана емес, сонымен қатар ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық дүниетаным мен қоғамдық этиканың айқын көрінісі. Көшпенді қоғам үшін Көрісу – адамдарды жақындастыратын, реніштерді ұмыттырып, жаңа жылды таза көңілмен бастауға шақыратын бірегей салт.

Қазақ ұғымында «көрісу» сөзінің астары тереңде жатыр. Халық арасындағы «көріскенше», «көрісіп тұрайық» деген тіркестер адамдардың бір-біріне деген сағынышы мен сыйластығын білдіреді. Ұлы Абайдың «Жазғытұры» өлеңіндегі «Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып» деген жолдары осы дәстүрдің қоғамдағы маңызын айшықтай түседі.

Бұл күннің басты мәні – адамдар арасындағы байланысты нығайтып, қоғамдағы татулық пен бірлікті сақтау. Көрісу күні жасы мен жынысына, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, барлық адам тең дәрежеде табысады. Қол алысып, құшақтасу арқылы олар бір-біріне амандық тілеп, өткен жылғы өкпе-ренішті ұмытып, жаңа кезеңге таза ниетпен қадам басады.

Сондықтан Амал мерекесі – Ұлыстың ұлы күніне бастайтын алғашқы қадам, ұлттық рух пен адамгершіліктің жарқын көрінісі болып саналады.

Фото: arasha.kz коллажы

Ұқсас жазбалар

Адамзат тарихындағы жаңа кезең: 50 жылдан астам уақыттан соң астронавтар Айға аттанды

50 жылдан астам үзілістен кейін адамзат Айға қайта оралды. "Артемида-2" миссиясы аясында төрт астронавт Жер…

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: рота командирі сот алдында жауап береді

Жамбыл облысында қаза тапқан сарбаз Еркебұлан Рүстемұлының өліміне қатысты іс сотқа жолданды. Рота командиріне салғырттық…

Маман: «Психологтарды коуч деп атау керек»

Қазақстанда психологтардың қызметін реттеуге қатысты жаңа ережелер әзірленіп жатыр. Сарапшы бұл бастамаға қатысты өз пікірін…