Астанада жол үстінде көлік өртеніп, зардап шеккендер бар

Сурет: Aikyn.kz

Астанада жол үстінде көлік өртеніп, салдарынан адамдар зардап шекті. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады, онда көліктің толықтай жалынға оранғаны көрінеді.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, өртті ауыздықтады. Алайда көлік толығымен жанған. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді, олардың жағдайы туралы нақты ақпарат әзірге жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр, – деді қалалық ТЖД өкілі.

Құқық қорғау органдары оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанның 16 өңірінде күн райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 10 маусымға күн райына қатысты ескерту шығарды. Елдің 16 өңірінде жаңбыр, найзағай, бұршақ,…

Қытайлық инвесторлар БҚО-да жаңа зауыттар мен электр стансаларын салады

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев бастаған делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барып, Ляонин…

Мемлекет басшысы «Digital Qazaqstan» стратегиясын бекітті

Мемлекет басшысы «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Құжаттың мәтіні баспасөзде жарияланады.