Categories Жайық news

Тоқаев ірі қытайлық инвестормен кездесті: Жасанды интеллект саласында серіктестік орнатылмақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Sunwah Group корпорациясының төрағасы Цай Гуаньшэньмен кездесіп, екі ел арасындағы инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Қытаймен арадағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті. Бұл ретте 2013 жылы Астанада ҚХР төрағасы Си Цзиньпин ұсынған «Бір белдеу, бір жол» бастамасының табысты жүзеге асып жатқанына тоқталды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің сауда-экономикалық қатынастарының қарқынын жоғары бағалады. Оның айтуынша, Қытай қазір Қазақстанның ең ірі сауда серіктесіне айналып, тауар айналымы жыл сайын рекордтық көрсеткіштерді жаңартуда.

Кездесуде инвестициялық ықпалдастыққа баса назар аударылды. Президент Қазақстанның шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасап, бірлескен стратегиялық жобаларға әрдайым қолдау көрсететінін жеткізді.

«Әлем жасанды интеллектінің белсенді даму кезеңіне қадам басты. Бұл бағытта Қытай көш бастап тұр. Біз Қытай тарапымен осы саладағы ынтымақтастықты дамытуға ниеттіміз», – деді Мемлекет басшысы.

Цай Гуаньшэнь – Sunwah Group корпорациясының төрағасы, Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесінің мүшесі және Гонконгтағы Қытай бас сауда палатасының төрағасы.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…