Categories Шартарап

Қазақ теннисшісі Жібек Құламбаева Қытайдағы турнирде топ жарды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Қытайдың Баотоу қаласында өткен ITF W50 сериясындағы халықаралық турнирде жұптық сында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жібек пен оның серіктесі финалдық кездесуде қарсыластарын екі сетте ұтып, турнирдің чемпионы атанды.

«Бұл жеңіс маған үлкен сенімділік берді. Қытайдағы турнирлердің деңгейі жоғары, сондықтан мұндай нәтижеге қуаныштымын», – деді Құламбаева.

Қазақстандық теннисші бұл турнирде өзінің үздік ойынын көрсетіп, жоғары дәрежедегі қарсыластарды жеңді.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан 2027 жылы киберспорттан әлем чемпионатын өткізеді

Қазақстан 2027 жылы IESF World Esports Championship 2027 киберспорттық әлем чемпионатын қабылдайды.

Білім беру ұйымдарының өнерпаздары 1200-ден астам жүлделі орын алды

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарының білім алушылары 1200-ден…

2027 жылы Қазақстанда киберспорттан әлем чемпионаты өтеді

2027 жылы Қазақстанда киберспорттан әлем чемпионаты өтеді. Келісімге Қазақ ұлттық спорт университетінің ашылу рәсімінде қол…