Categories Әлем

Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес: дезинсекция басталды

Астанада жәндіктерге қарсы күрес күшейтілді. Қалада дезинсекциялық жұмыстар басталып, тұрғындарға өңдеу жүріп жатқан аумақтарға бармау және терезелерін жауып ұстау ұсынылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мамандар маса мен шыбын-шіркейдің көбеюіне жол бермеу үшін арнайы препараттарды қолданып жатыр. Өңдеу жұмыстары таңертең және кешке жүргізіледі.

«Тұрғындардан сақтық шараларын сақтауды сұраймыз. Өңдеу аймақтарына жақындамаңыздар, терезелерді жабыңыздар», — деді қалалық экология департаментінің өкілі.

Жұмыстар маусым бойы жалғасады. Әсіресе су айдындары мен саябақтардың маңына ерекше көңіл бөлінеді.

Ұқсас жазбалар

Зеленскийдің бұрынғы кеңсе басшысы кепілпұл төлеп, босатылды

Украинаның Жоғары антикоррупциялық соты бұрынғы президент әкімшілігінің басшысы Андрей Ермакқа қатысты кепілпұлдың толық төленгенін растады.

Илон Маск Францияда қамауға алынуы мүмкін: тергеу нені көрсетті

Франция құқық қорғау органдары Илон Маскқа қатысты тергеу жүргізіп, оны қамауға алу ордерін шығаруы мүмкін.…

Қытайдың Лючжоу қаласында жер сілкінісі: екі адам қаза тапты

Қытайдың Лючжоу қаласында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісінен екі адам қаза тапты, бірнеше адам жарақат…