Categories Саясат

Еуропарламентте Қазақстанның саяси реформалардағы жетістіктері талқыланды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Еуропарламентте «Жаңа Қазақстан: Конституциялық референдумның қорытындылары және демократиялық жаңғыру жолы» атты пікірталас өтті. Жиында Қазақстандағы саяси реформалар мен Еуропалық одақпен ынтымақтастықтың болашағы талқыланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Еуропарламент депутаты Томаш Здеховски Қазақстанды Орталық Азиядағы ЕО-ның негізгі серіктестерінің бірі деп атады. Оның айтуынша, бұл әріптестік экономикалық, стратегиялық және саяси тұрғыдан маңызды. Депутат шынайы әріптестік тек экономикалық мүдделерге ғана негізделмейтінін, демократиялық басқару, заң үстемдігі, ашықтық және азаматтардың қатысуы бойынша ашық диалог қажет екенін атап өтті.

Здеховскидің сөзінше, талқылау Қазақстанның реформаларда айтарлықтай нәтижеге жеткенін көрсетті, бірақ алда әлі жұмыс бар. Ол ынтымақтастықты дамыту экономикалық әріптестікті нығайту мен ортақ құндылықтарға негізделген өзара ықпалдастықты кеңейтуге сүйенуі керектігін айтты.

Депутат пікірталасқа қатысушыларға алғыс айтып, ЕО-ның Қазақстанмен серіктестікті тереңдетуге және тұрақтылық, өркендеу, демократиялық жаңғыру бойынша диалогты қолдауға дайын екенін растады.

Ұқсас жазбалар

ҚХП сайлау алдындағы саяси бағытын айқындады

Жаңа Конституция күшіне енгеннен кейінгі алғашқы съезд ҚХП сайлау алдындағы саяси бағытын айқындады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті маусымда 125 жемқорлық құқықбұзушылықты тіркеді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті маусым айында 125 сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықты тіркеді. Қылмыстық істер бойынша 67 күдікті…

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 43-бабы…