Categories Жайық news

Трамптың бір сөзінен кейін мұнай бағасы 100 доллардан асып кетті

Әлемдік нарықта мұнай бағасы қайтадан шарықтай бастады, Brent маркалы мұнайдың құны бір баррель үшін 100 доллардан асып жығылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бағаның бұлайша күрт өсуіне АҚШ президенті Дональд Трамптың Ормуз бұғазын бұғаттау туралы мәлімдемесі түрткі болған.

Бұған дейін Исламабадта Иран мен АҚШ арасында келіссөздер өткені белгілі. Алайда тараптар сенбі күні басталған келіссөздерде ортақ шешімге келе алмады.

Осыдан кейін Дональд Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелер қозғалысына тосқауыл қоятынын жариялады.

Президент әскерилерге бұғаздан өту үшін Иранға «баж салығын» төлеген әрбір кемені ұстауға және тоқтатуға тапсырма берді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Топ-5 главных торговых партнеров Казахстана По итогам января-апреля 2026 года

внешнеторговый оборот Казахстана достиг 44,9 млрд $, увеличившись на 7,9% в номинальном выражении по сравнению…

ТЖМ су айдындары мен өрт қауіпсіздігі бойынша ескерту жасады

ТЖМ шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, өрт қауіпсіздігі бойынша да ескерту жасады.

Оралда Астана күніне орай көпшілік велошеру болды

Оралда Астана күні мерекесіне орай көпшілік велошеру ұйымдастырылды. Спорттың бұқаралығын арттыру және салауатты өмір салтын…