Categories Жайық news

Динара Құлыбаева негізін қалаған қор ҚБТУ-ға қайтадан иелік ете бастады

Құрылтайшыларының бірі Динара Құлыбаева болып табылатын «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» (NNEF) Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) акционері атанды. Бұған дейін оқу орны «Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компанияның» иелігінде болған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Акционердің ауысқаны туралы мәлімет Қаржылық есептілік депозитарийінің ресми сайтында жарияланды. Осылайша, бұрын өзіне тиесілі болған актив Назарбаев қорының бақылауына қайта өтті.

Сонымен қатар корпоративтік оқиғалар туралы басқа есепте ҚБТУ-дың Алматыдағы бас ғимаратын мемлекет меншігіне беру туралы шешім қабылданғаны көрсетілген.

«ҚБТУ» АҚ-ның 1957 жылы салынған, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 59-мекенжайында орналасқан және республикалық маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіші болып табылатын әкімшілік ғимараты сыйға тарту шартын жасасу және қабылдау-тапсыру актісіне қол қою арқылы мемлекетке берілсін. Жоғарыда аталған ғимаратқа сенімгерлік басқару шартын жасасуға бастамашылық етілсін», – делінген акционердің жарияланған шешімінде.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

ТЖМ су айдындары мен өрт қауіпсіздігі бойынша ескерту жасады

ТЖМ шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, өрт қауіпсіздігі бойынша да ескерту жасады.

6 шілдеде батыс өңірлерде аптап ыстық күтіледі

«Қазгидромет» болжамы бойынша, 6 шілдеде Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Батыс өңірлерде 35-40 градус…

Батыс Қазақстан облысында Домбыра күні аясында 100-ден астам іс-шара өтті

Шілде айының алғашқы жексенбісінде Батыс Қазақстан облысы бүкіл елмен бірге Ұлттық домбыра күнін атап өтуде.…