Categories Жайық news

Түркістандағы жанжал: 18 жастағы қызды зорлады деген үш полицей жұмыстан қуылды

Түркістан облысында үш полиция қызметкері 18 жастағы қызды зорлады деген ауыр айыпқа ілікті. Күдіктілердің ішкі істер органдарынан шұғыл түрде жұмыстан босатылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл ақпаратты Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев растады.

«Түркістан қаласының 18 жастағы тұрғынының арызы негізінде жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір бұрынғы полиция қызметкерлерінің бұл оқиғаға қатысы толық тексеріліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу аясында олардың әрекетіне құқықтық баға беріледі», — деді ведомство өкілі.

Министрлік қызметтік тексеріс жүргізіп, күдікке ілінген үш қызметкерді де «қызметтік беделге нұқсан келтіргені үшін» теріс себептермен ішкі істер органдарынан босатты.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық анықтау мақсатында қажетті тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады: Президент министрге жаңа тапсырмалар жүктеді

Президент Тоқаев Ғылым министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Жасанды интеллект университетін ашу және ғылымды дамыту мәселелері…

«Бастығыңыз хабарласып тұр»: Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды

Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа түрі тарады. Енді олар өздерін басшы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алдап…

Жарты ғасырлық үзілістен соң: NASA астронавтарды Айға қайта аттандырды

NASA 50 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Айға астронавттарды аттандырды. «Артемида-2» миссиясы Ай бетіне қайта…