Ұлытаудан Парижге жаяу: 76 жастағы ақсақал 3000 шақырым жолды еңсерді

Ұлытаулық 76 жастағы Сәрсенбай Қотырашов Парижге дейін жаяу жетіп, арнайы марапат алды. Ол 3000 шақырымнан астам жолды 3 айда еңсерген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сәрсенбай атаның бұл сапары Ұлытаудан басталып, Ресей, Беларусь, Польша, Германия арқылы Францияға дейін созылған. Ол жол бойы қазақтың салт-дәстүрін насихаттап, кездескен адамдарға ұлттық тағамдар мен бұйымдарды сыйлаған.

«Бұл сапар – менің өмірлік арманым еді. Қазақ елінің рухын әлемге паш ету үшін аттандым. Жолда көптеген қиындықтар болды, бірақ халықтың қолдауы мені алға жетеледі», – дейді Сәрсенбай Қотырашов.

Парижде оны қазақ диаспорасы мен жергілікті билік өкілдері құрметпен қарсы алды. Ақсақалға «Мәдениет елшісі» атағы беріліп, арнайы диплом табысталды.

Бұл – Сәрсенбай атаның алғашқы шетелдік жаяу сапары емес. Оған дейін ол Түркия мен Әзербайжанға да жаяу барған. Ендігі жоспары – Еуропаның басқа да қалаларын аралау.

Ұқсас жазбалар

Астанадағы тұрғын үйдегі өрттен төрт адам құтқарылды

Астанадағы 13 қабатты тұрғын үйде шыққан өрттен 4 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды. Өрт…

Олжас Бектенов ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы сессиясында сөз сөйледі

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері…

Астанада жұмыс кезінде теміржолшы қаза тауып, артында жеті баласы қалды

Астанада 43 жастағы электромеханик жоғары кернеулі токқа түсіп, қаза тапты. Марқұмның жұбайы мен жеті баласы…