Categories Жайық news

Ақтауда дәрігерлер қанаты сынған аққуға күрделі ота жасады

Ақтау қаласындағы ветеринарлар қанаты сынып, ауыр халде жатқан аққудың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Дәрігерлердің айтуынша, емханаға жеткізілген кезде аққудың жағдайы өте ауыр болған. Оның сол қанатының сүйегі ашық сынып, екі тәуліктен астам уақыт бойы қан тоқтамаған.

«Құс екі тәуліктен астам қансыраған. Әр сағат маңызды болды. Біз қысқа мерзімде оның жағдайын тұрақтандырып, отаға дайындықты бастадық. Бұл – ересек, жабайы құс. Ол өте күшті, агрессивті және қатты күйзелісте болды. Мұндай жануарлармен жұмыс істеу әрқашан үлкен тәуекелді талап етеді», – дейді дәрігерлер.

Мамандардың сөзінше, газбен наркоз беретін құрылғының болмауы істі айтарлықтай қиындатқан. Сондықтан олар өз тәжірибесі мен шетелдік орнитологтардың кеңестеріне сүйеніп, барлық жауапкершілікті өз мойнына алған.

Ота сәтті өтіп, сынған жерге сыртқы фиксатор салынды. Алайда жараны толық жабу үшін жұмсақ тіндердің жетіспеушілігі секілді қиындықтар туындаған. Ендігі басты міндет – аққуды тыныш әрі құрғақ жерде ұстап, тігістерін үнемі өңдеп, күйзеліске түсірмеу.

Емхана өкілдері бұл көмекті өз бастамаларымен көрсеткенін және барлық шығынды мекеме өз мойнына алғанын мәлімдеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

«Ауыл аманаты» ауылды дамытуға серпін беруде: Қаратөбе ауданында сүт өндірісінің ауқымы кеңейіп келеді

Ауыл кәсіпкерлігін қолдауға «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы айрықша ықпал етуде. Мәселен, Батыс Қазақстан облысы…

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.