Categories Әлем

Германия билігі зейнет жасын 70-ке дейін көтеруді ұсынды

Сурет: istockphoto.com

Германияда зейнетке шығу жасын 70 жасқа дейін біртіндеп көтеру ұсынылды. Бұл бастаманы ел канцлері Фридрих Мерц қолдап отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Реформа 2090 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ. Жоспар аясында мерзімінен бұрын зейнетке шығу мүмкіндігін алып тастау және арнайы мемлекеттік инвестициялық қор құру көзделген.

Жаңа жүйе бойынша, қорға азаматтардың міндетті жарналары есебінен жыл сайын кемінде 30 миллиард еуро аударылып отырады. Кейін бұл инвестициялардан түсетін табыс зейнетақы төлемдерін қаржыландыруға жұмсалады.

Фридрих Мерцтің айтуынша, бұл шаралар халықтың қартаюы жағдайында зейнетақы жүйесіндегі дағдарыстың алдын алып, жастарға түсетін қаржылық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Германия билігі ауқымды реформаны биылғы жылдың соңына дейін парламент арқылы қабылдауды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта Германия тұрғындары 66 жасында зейнетке шығады.

Айта кетейік, елімізде зейнет жасы ерлер үшін 63 жас, әйелдер үшін 61 жас болып бекітілген.

Ұқсас жазбалар

АҚШ Тәуелсіздік күніндегі отшашу: Бруклин көпірінде үш жерден өрт шықты

Нью-Йорктегі Бруклин көпірінде АҚШ Тәуелсіздік күніне арналған отшашу кезінде өрт болды. Бұл туралы New York…

Өзбекстанда халық саны соңғы 30 жылда екі есеге жуық өсті

Өзбекстанның тұрақты халқы 39 047 321 адамға жетті. 1989 жылғы санақпен салыстырғанда халық саны шамамен…

Путин мен Трамп бір жарым сағат сөйлесті: Украина, Иран және екіжақты қатынастар талқыланды

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы қақтығыс, Иран…