Қазақстанда алғашқы АЭС құрылысы ресми түрде басталды

Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылында еліміздің алғашқы атом электр станциясының (АЭС) құрылысына старт беріліп, капсула салу рәсімі өтті.

Агенттік төрағасы Алмасадам Сатқалиев жобаның Қазақстанға жаңа буын ядролық сала мамандарын даярлауға, ғылыми-зерттеу базасын нығайтуға және технологиялық серпіліс жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Оның сөзінше, АЭС – елдің атом өнеркәсібін, өңірлік инфрақұрылымды және индустриялық-инновациялық дамуды алға сүйрейтін стратегиялық жоба болмақ.

📊 Инвестиция көлемі: шамамен 14–15 млрд доллар, қосымша 1 млрд доллар әлеуметтік жобаларға бөлінеді.

Сатқалиевтің айтуынша, жоба кең қоғамдық қолдауға ие – өткен жылғы референдумда қазақстандықтардың 70%-дан астамы, ал Үлкен ауылында дауыс бергендердің 90%-ға жуығы бастаманы қолдаған.

Рәсімге қатысқан «Росатом» бас директоры Алексей Лихачёв Қазақстанның уран өндіруде әлемдік көшбасшы екенін және атом саласында бай тәжірибесі барын айтты. Ол бұл бағыттағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының 1940-жылдардан бері жалғасып келе жатқанын еске салды.

Іс-шара барысында алғашқы топырақ үлгілері алынып, зерттеу үшін Ресейге жіберілетіні хабарланды.

📅 Бұған дейін үкімет станцияны салу орны ретінде Жамбыл ауданын бекіткен. Құрылыс шамамен 7 жылға созылады деп жоспарланған. Сонымен қатар, екінші АЭС-ті де параллель тұрғызу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Ұқсас жазбалар

ӘЧ-2026: Бразилия Шотландияны 3:0 есебімен ойсырата жеңді

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының С тобындағы соңғы матчта Бразилия құрамасы Шотландияны 3:0 есебімен тізе…

Елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

Солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның көп жерінде ауа райы тұрақсыз болады.

Елімізде жүргізушілерді даярлайтын ұйымдарды бақылау күшейеді

Мемлекет басшысы цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша…