Categories Қаржы

Ұлттық банк төрағасы теңге бағамының әлсіреуіне негіз жоқ деп мәлімдеді

Сурет: istockphoto.com

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңге бағамының қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта ұлттық валюта бағамының әлсіреуіне негіз жоқ, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сенаттың пленарлық отырысында Ұлттық банк төрағасы базалық мөлшерлеменің 17 пайызға дейін төмендегеніне қарамастан, теңге тұрақтылығын сақтап отырғанын атап өтті.

«Базалық мөлшерлеме төмендегеннен кейін теңгелік активтердің тартымдылығы азайып, доллар бағамы күрт өседі деген болжамдар болды. Алайда ондай жағдай орын алған жоқ. Бағам бұрынғыдай 487-488 теңге деңгейінде сақталып отыр», деді Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, АҚШ пен Иран арасындағы алдын ала келісім аясында Таяу Шығыстағы шиеленістің бәсеңдеуі мұнай бағасының төмендеуіне әсер еткен. Соған қарамастан бұл фактор да теңге бағамына айтарлықтай ықпал етпеген.

«Сарапшылар да, нарық қатысушылары да Қазақстандағы макроэкономикалық тұрақтылықты, инфляциямен күреске және сапалы инклюзивті экономикалық өсімге бағытталған саясатты көріп отыр. Сондықтан теңге өзін жеткілікті түрде берік ұстап тұр», деді ол.

Айта кетейік, 17 маусымдағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 489,39 теңгені құрап, алдыңғы күнмен салыстырғанда 2,16 теңгеге өсті.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанның ішкі саудасы тұрақты өсім көрсетуде

2026 жылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның ішкі сауда саласында тұрақты оң динамика сақталды. «Сауда»…

Қазақстан Кабулда сауда үйін ашты

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин бастаған делегацияның бизнес-миссиясы аясында Қазақстанның Кабул қаласында Сауда үйі ашылды.

Су саласына кадр даярлайтын колледждер саны артады

2026-2027 оқу жылынан бастап су шаруашылығы саласы үшін мамандар даярлайтын колледждердің тізімі тағы екі оқу…