Categories Жайық news

Гвардейск гарнизонында 600 сарбаз әскери-есептік мамандықты меңгерді

Гвардейск гарнизонындағы Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу орталығында 600 әскери қызметшіге экономиканың нақты секторында талап етілетін әскери-есептік мамандықтар алғаны жөнінде сертификаттарды тапсыру рәсімі өтті.
Оқу орнында Астана, Алматы, Тараз, Шымкент, Орал, Қостанай және Өскемен қалаларынан әскерге алынғандар жас жауынгер курсынан өтіп, әскери ант берді.
Бес айдың ішінде сарбаздар Т-72 танкінің механик-жүргізушісі, жаяу әскердің жауынгерлік машинасы, КамАЗ-43114, «Орал-4320» жүргізушісі және аспаз мамандықтарын игерді.
– Бүгін сендер дайындықтың маңызды кезеңін аяқтап, қажетті мамандықтарды алдыңдар. Осында алған білім мен дағдыларды әскери қызметті өткеру кезінде ғана емес, сонымен қатар азаматтық өмірде де барынша қолданады деп сенемін. Сендерге өз қабілеттеріңе деген сенімділік, кәсіби өсу, әскери борышқа адалдық және Отан игілігі жолында жаңа жетістіктер тілеймін, – деді 30212 әскери бөлімінің командирі полковник Мақсат Тұрапбаев.
Жүргізуші курсын оқыған сарбаздар С және С1 санатындағы жүргізуші куәлігін алды. Олар әскери көлік техникасын басқарады, жеке құрам мен жүктерді тасымалдау жөніндегі міндеттерді орындайды, ал мерзімді әскери қызметін аяқтағаннан кейін – көлік, логистика және жүк тасымалдау саласына жұмысқа кіре алады.
– Мен Шымкенттен келдім. Мұнда «Орал» автокөлігінің жүргізушісі курсын оқып, куәлігін алдым. Бұл тәжірибе қызмет барысында ғана емес, болашақта да пайдалы болатын мамандық алуға берілген мүмкіндік, – деді қатардағы жауынгер Тахир Әбдіразақов.
Оқу аяқталғаннан кейін әскери қызметшілер оқу-жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындығын растай отырып, біліктілік емтихандарын сәтті тапсырды.
Бір жыл ішінде Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу орталығы Қарулы күштердің әскери бөлімдеріне қызмет етуге 1200 кіші маман даярлап шығаратынын айта кеткен жөн.

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…