Categories Жайық news

Ұлыбритания Ресей ескертуіне жауап берді: Әскерилеріміз өздерін қорғай алады

Ұлыбритания үкіметі Ресейдің Украина аумағына ағылшын әскері мен базалары кірсе, олар соққы жасауға заңды нысанаға айналады деген мәлімдемесіне жауап қатты.

Премьер-министрдің баспасөз хатшысы бұл әскерилердің соғысқа араласу үшін емес, Украинадағы болашақ қауіпсіздік жүйесін құруға жәрдем беру үшін жіберілетінін айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, британ сарбаздары тек соғыс аяқталған соң ғана Украинаға енгізіледі және олардың басты міндеті – елдің жаңа қарулы күштерін қалыптастыру, әуе мен теңіз шекарасын қорғауға көмектесу, сондай-ақ Ресейге тосқауыл қою.

«Бұл — қауіпсіздік мақсатындағы күштер. Біз британ әскерін тек ұрыс әрекеттері тоқтағаннан кейін ғана орналастырамыз. Олар Украина армиясын құруға, аспан мен теңіз шекарасын қауіпсіз етуге және Ресейдің болашақ агрессиясын тежеуге атсалысады», — деді баспасөз хатшысы.

Ол сондай-ақ, британ сарбаздарының орналасқан кез келген жерінде өзін-өзі қорғау құқығы бар екенін ескертіп өтті.

«Біздің жауынгерлер қайда болса да, өздерін қорғауға толық құқылы», — деді ол.

Ұқсас жазбалар

БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы уақытша қызметінен шеттетілді

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Өтешев 3 маусымнан бастап бір ай мерзімге…

Мас күйінде ұсталған Чапаев ауылдық округінің әкімі қызметінен босатылуы мүмкін

Ақжайық ауданының Чапаев ауылдық округінің әкімі Биболат Зинуллинге қатысты тәртіптік іс Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн

Қоршаған ортаны қорғау бүгінде мемлекет пен қоғамның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Батыс Қазақстан облысында…