Categories Жайық news

Конституцияның жаңа жобасы: адам мен мемлекет арасындағы келісімнің жаңа парадигмасы

Тарихтың әр кезеңінде халық пен биліктің арасын жалғайтын ең басты көпір – заң болған. Ал сол заңның шыңы, ең биігі – Конституция.

Қолданыста болған Конституция өз дәуірінде мемлекетті сақтап қалу, тұтастықты бекіту миссиясын атқарды. Ол – өтпелі кезеңнің, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өз жұмысын толықтай іске асырды. Бірақ оның логикасы мен рухында ескі басқару дәстүрінің ізі сақталды деуге болады. Көп жағдайда басқару жүйесі адамнан жоғары болған тұстары анық байқалатын. Мұндай модель тарихтың белгілі бір сәтінде қажет болған шығар, бірақ уақыт өте келе ол қоғамның табиғи дамуына тарлық ете бастағанын аңғаруға болады. Себебі қазақтың танымында ешқашан «билік адамнан биік» деген ұғым болмаған. Керісінше, хан да, би де, төре де халықтың алдында жауапты еді.

Конституцияның жаңа жобасы – осы тарихи әділеттілікті қайта орнына қоюға жасалған қадам. Бұл құжатта мемлекет өз орнын айқын анықтайды. Яғни, ол енді үстем билік емес, халыққа қызмет ететін жүйе. Бұл – сырттан келген идея емес, қазақтың өз болмысынан туындайтын ұстаным.

Ең маңыздысы – жаңа жобада қоғам мен билік арасындағы сенімді қайта құруды мақсат етеді. Билік енді тек басқармайды, ол есеп береді. Заң шектеп ғана қоймай, қорғау құралына айналады.

Қазақ тарихына көз салсақ, әрбір ұлы кезең жаңарумен басталған. Күлтегін жазбаларынан бастап Алаш идеясына дейінгі жол – әділетке, елдікке ұмтылудың жолы. Бүгінгі Конституциялық жаңғыру – сол тарихи арнаның жалғасы. Бұл өткеннен бас тарту емес, өткеннің озығын бүгінге бейімдеу.

«Заманына қарай адамы» дейді халық. Заман өзгерді, қоғам дамыды, сана биіктеді. Енді заң да соған сай болуы тиіс. Конституцияның жаңа жобасы – осы сұраныстың жауабы, ертеңге жасалған нақты қадам. Конституциялық реформа болашақ ұрпақтың қандай елде өмір сүретінін айқындау үшін қажет. Көпбалалы әке ретінде мен бұл өзгерістерді балаларымның ертеңіне оң әсер ететін маңызды қадам деп қабылдаймын.

Арсен ЗИННАТҰЛЫ,

Орал қалас әкімінің орынбасары

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады: Президент министрге жаңа тапсырмалар жүктеді

Президент Тоқаев Ғылым министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Жасанды интеллект университетін ашу және ғылымды дамыту мәселелері…

«Бастығыңыз хабарласып тұр»: Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды

Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа түрі тарады. Енді олар өздерін басшы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алдап…

Жарты ғасырлық үзілістен соң: NASA астронавтарды Айға қайта аттандырды

NASA 50 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Айға астронавттарды аттандырды. «Артемида-2» миссиясы Ай бетіне қайта…