Тоқаев пен Ердоған Астанада кездесті: стратегиялық әріптестік нығаюда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Астанада шағын құрамда келіссөз жүргізді. Тараптар екіжақты достық пен стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуды талқылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту мәселелері қаралды. Екі елдің көшбасшылары өзара тиімді жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

Сонымен қатар, аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, ортақ көзқарастар білдірілді. Кездесу достық атмосферасында өтті.

Ұқсас жазбалар

Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды

ІІМ Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімінде Кеңес Одағының Батыры, академик Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды.

Президент бәсекелестікті қорғау агенттігінің басшысын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, ол жарлықтың орындалу…

Президент Ішкі істер министрінен қылмыс ахуалы туралы есеп тыңдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдап, елдегі криминогендік ахуал мен ведомство жұмысы…