Түркиядағы жол апатынан қазақстандық қайтыс болды: Антальядағы оқиға

Түркияның Анталья провинциясындағы Серік ауданында жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы мерт болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға кеше күндіз болған. Қазақстандық жүргізуші басқаруындағы жеңіл көлік жолдың қиын учаскесінде қарсы бағытта келе жатқан ауыр жүк көлігімен соқтығысқан. Соққының күшті болғаны сонша, жеңіл көлік орыннан аударылып, өртеніп кеткен.

Өрт сөндірушілер келгенше көлік толығымен жалынға оранған. Жүргізушінің денесін анықтау қиынға соқты, — деді Түркия полициясының өкілі.

Қайтыс болған азаматтың жеке басы анықталып, туыстарына хабарланған. Қазіргі уақытта Қазақстанның Антальядағы консулдығы марқұмның денесін елге жеткізу мәселесімен айналысып жатыр.

Түркия билігі жол-көлік оқиғасының мән-жайын тергеуде. Алдын ала мәлімет бойынша, жолдың сол учаскесінде жол белгілерінің жеткіліксіз орнатылғаны анықталған.

Ұқсас жазбалар

Президент үш заңға қол қойды: орман, телекоммуникация және қылмыстық кодекс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орман шаруашылығы, телекоммуникация және қылмыстық заңнамаға қатысты үш заңға қол қойды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Сенатының Маршалын қабылдады

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Республикасы Сенатының Маршалы Малгожата Кидава-Блоньскамен кездесу өткізді.

Демалыс күндері 41 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер 20-21 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Демалыс күндері ауа райының өзгеруі атмосфералық фронттардың…