Конституцияға өзгеріс: Елде арнайы мәртебелі қалалар пайда болуы мүмкін

Қазақстан Конституциясына қаржы саласында ерекше құқықтық режимі бар аумақтар мен «жылдам дамитын қалалар» құруға мүмкіндік беретін жаңа норма енгізу ұсынылды. Бұл бастама Алатау қаласын дамытуға және Астана халықаралық қаржы орталығының қызметіне қатысты болып отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Конституциялық комиссияның отырысында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді. Оның айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер республиканың экономикалық дамуын жеделдетуге бағытталған.

Сонымен қатар, Нұрмұханов бұл норманы Конституцияның негізгі қағидаттарымен бірге қарастыру керектігін ескертті. Себебі, елдің әкімшілік-аумақтық құрылымы тек конституциялық заңмен айқындалады.

«Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады», — деді Конституциялық Сот төрағасының орынбасары.

Осылайша, жаңашылдық елдің экономикасына серпін беруді көздегенімен, мемлекеттің аумақтық тұтастығына ешқандай қауіп төндірмейтініне кепілдік беріліп отыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Үлкен Алматы көліндегі кептеліс: туристер Қазақстанды неге таңдайды

Үлкен Алматы көліне апаратын жолдағы көлік кептелісі түсірілген видео Қазақстандағы ішкі туризмге қызығушылықтың қарқынды артып…

Президент цифрлық активтерді дамыту жөніндегі Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы цифрлық активтер индустриясын ынталандыру және дамыту жөніндегі Жарлыққа қол қойды.

Елорда күні елімізде 448 сәби дүниеге келді

Астана күнінде Қазақстанның перзентханаларында 448 нәресте дүниеге келді. Оның 223-і ұл, 225-і қыз.