Categories Спорт

Англия Панаманы 2:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Англия құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші турда Панаманы 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Голдарды Джуд Беллингем мен Харри Кейн соқты. Кейн әлем чемпионаттарындағы гол саны бойынша Англия құрамасының жаңа рекордын орнатты. Оның еншісінде енді 11 гол бар, бұл Гари Линекердің 10 голдық көрсеткішінен асып түсті.

Англия 7 ұпаймен L тобында бірінші орын алып, плей-офф кезеңіне жолдама алды. 1/16 финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады. Ал ұпай жинай алмаған Панама топ соңында қалып, турнирмен қоштасты. Панама 2026 жылғы әлем чемпионатында бірде-бір гол соға алмаған жалғыз құрама атанды.

Ұқсас жазбалар

Унаи Симон әлем чемпионатында 519 минут гол жібермей рекорд жаңартты

Испания құрамасының қақпашысы Унаи Симон әлем чемпионаттары тарихында ең ұзақ уақыт гол жібермеген голкипер атанды.

Криштиану Роналду әлем чемпионатында рекорд жаңартты

Криштиану Роналду әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде гол соққан ең егде ойыншы атанды.

Швейцария Алжирді 2:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Әлем чемпионатының 1/16 плей-офф кезеңінде Швейцария құрамасы Алжирді 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді.