Categories Жайық news

Тарихи сәт: Елена Рыбакина WTA рейтингінде екінші орынға көтерілді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің жартылай финалына шығып, мансабында алғаш рет әлемнің екінші ракеткасы атанатын болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ширек финалда қазақстандық теннисші америкалық Джессика Пегуланы екі сетте жеңді. Кездесу 6:1, 7:6 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды.

Бұл жеңіс оған WTA рейтингінде польшалық теннисші Ига Швёнтекті басып озуға мүмкіндік берді. Осылайша, Рыбакина жаңартылған рейтингте екінші сатыға көтеріледі.

Бұған дейін спортшының осы маусымдағы басты мақсаты – әлемнің бірінші ракеткасы атану екені белгілі болған. Ол осы мақсат жолында Билли Джин Кинг кубогының матчтарына қатыспайтынын мәлімдеген еді.

Сондай-ақ Индиан-Уэллс турнирінде тағы бір қазақстандық теннисші Анна Данилина жұптық сында финалға шығып, жанкүйерлерді қуантты.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…