Categories Қаржы

Каспий құбыр консорциумы мұнай тасымалын рекордтық деңгейге жеткізді

Сурет: Ашық дереккөз

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) биыл мамыр айында мұнай тасымалдау көлемін рекордтық деңгейге дейін арттырды. Мамырда құбыр арқылы 7,187 миллион тонна мұнай (тәулігіне 1,83 миллион баррель) экспортталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Салыстырмалы түрде сәуір айында бұл көрсеткіш 6,314 миллион тонна (тәулігіне 1,67 миллион баррель) болған. Рейтер агенттігінің мәліметінше, консорциум 2026 жылғы маусым айына арналған CPC Blend мұнайының экспорт жоспарын бұрынғы тәулігіне 1,45 миллион баррельден 1,7 миллион баррельге дейін (айына шамамен 6,5 миллион тонна) ұлғайтты.

Бұл шешім Қашаған кен орнындағы жөндеу жұмыстарының 2027 жылға ауыстырылуына және Теңіздегі өндірістің қалпына келуіне байланысты қабылданған. Сонымен қатар Қазақстан 1 мамырдан бастап Германияға мұнай экспортын тоқтатып, босап қалған көлемдерді КҚК жүйесіне бағыттады.

КҚК 2026 жылы мұнай тиеу көлемін 72 миллион тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. 2025 жылы бұл көрсеткіш 70,5 миллион тонна болған. Қазақстан экспорттайтын мұнайдың 80%-дан астамы КҚК арқылы тасымалданады. Оның негізгі бөлігі Каспий маңындағы ірі кен орындары – Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарынан өндіріледі.

Ұқсас жазбалар

Қаржы министрлігінде жаңа Конституция құндылықтарына арналған велошеру өтті

Қаржы министрлігінде орталық аппарат, комитеттер және ведомстволық ұйымдар қызметкерлерінің қатысуымен велошеру мен тимбилдинг ұйымдастырылды.

Қазақстанда интернет-алаяқтардан зардап шеккендерге 4,8 млрд теңге қайтарылды

Қазақстанда интернет-алаяқтықпен күрес күшейтіліп, биылғы жылдың басынан бері тіркелген киберқылмыстар саны 7 пайызға төмендеді. Бұл…

Қазақстанда ипотека бойынша максималды мөлшерлеме өзгерді

Қазақстанда ипотекалық несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейін есептеу тәртібі өзгерді. Енді ипотека…