Categories Жайық news

«Жас Головкин» атанған қазақ боксшысы чемпиондық жекпе-жек алдында қарсыласымен көз арбасты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Виктор Темиров (9-0, 6 КО) германиялық Доменик Арнольдпен (5-0, 2 КО) әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады. Жекпе-жек алдында боксшылар баспасөз мәслихатында кездесіп, алғашқы көз арбасу рәсімін өткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бокс кеші Германияның Бад-Херсфельд қаласында өтеді. 7 ақпанда Темиров пен Арнольд орта салмақта WBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салады.

Жекпе-жекке екі күн қалғанда өткен баспасөз мәслихатынан Виктор Темиров Instagram парақшасында бірнеше сурет жариялап, жазба қалдырды.

«Баспасөз мәслихаты өтті. Ертең салмақ өлшейміз. Ал, кеттік, мен дайынмын», – деп жазды спортшы.

Виктор Темировтың рингтегі лақап аты – «Қасапшы». Алайда, неміс жанкүйерлері оны кәсіпқой мансабын дәл осы Германияда бастап, даңққа жеткен Геннадий Головкиннің жас кезіне жиі ұқсатады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Оралда кәріз-сорғы стансасы іске қосылды

Өңірде инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі Президент тапсырмалары жүйелі орындалып келеді. Кейінгі 3 жылда су бұру…

БҚО-да найзағай ойнап, бұршақ жауады: 27 мамырға ауа райы ескертуі

27 мамырда Батыс Қазақстан облысында ауа райы күрт өзгереді: жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі.

БҚО-да 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой бағылады  

Өңірде 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой тіркелсе, оның 90%-ға жуығы еділбай тұқымына тиесілі. Бұл…