Categories Саясат

Робот Темірбекпен пен барыс Әділет жастарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

Олар тек би билеп, жұртты көңілдендіріп қана қоймай, көрерменмен тікелей байланыс орнатып, ортада ерекше рух пен бірлік атмосферасын қалыптастырды.

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылған Jas Stars атты ауқымды жастар концерті өтті. 5 мыңнан астам көрерменнің басын қосқан дүбірлі кеш заманауи технология, өнер және азаматтық белсенділіктің бірегей алаңына айналды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Думанды кешке жастар ұйымдарының өкілдері, белсенді еріктілер мен қала тұрғындары қатысты. Сахна төріне шыққан спикерлер ел өміріндегі маңызды шешімдерге бейжай қарамаудың қажеттігін айтып, алдағы 15 наурызда өтетін республикалық референдумның мемлекет болашағы үшін айрықша мәні бар екенін атап өтті.

Кештің басты эксклюзиві – көпшілікті таңғалдырған ерекше кейіпкерлер: робо-DJ Темірбек пен алматылық барыс Әділет. Олар тек би билеп, жұртты көңілдендіріп қана қоймай, көрерменмен тікелей байланыс орнатып, ортада ерекше рух пен бірлік атмосферасын қалыптастырды.

Темірбек пен Әділет жастарды азаматтық белсенділік танытуға және алдағы референдумда жаңа Конституцияны қолдауға шақырды.

Ұқсас жазбалар

КНБ: Бір айда 83 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелді

2026 жылғы мамырда ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 83 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеді.

Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы заң қандай мәселелерді реттейді?

Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Конституциялық заң қабылданды.

Астанада LRT жобасының атауы өзгертілді

Астана қалалық мәслихаты LRT жобасының атауын өзгертіп, «Тарлан Астана» деп атады. Депутаттар ағылшын аббревиатурасынан бас…