Categories Жайық news

«Көктем-2026» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығулары өтеді

25-27 ақпан аралығында азаматтық қорғаудың аумақтық құлақтандыру жүйесін іске қосу арқылы «Көктем-2026» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығулары өтеді.

«Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін тексеру жоспарлануда.

Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 25 ақпанда сағат 11:00-де сиреналық-сөйлеу құрылғылары қосылады. Құлақтандыру жүйесін тексеру барысында электрлік дабыл беру құрылғылары қысқа мерзімге іске қосылып, теле және радиоканалдардың эфирі уақытша тоқтатылып, «ұстап алу» арқылы таратылады. «Баршаңыздың назарыңызға!» шарасы халықтың бірыңғай ескерту дабылына әрекет ету тәртібін қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД төтенше жағдай туындаған кезде сиреналық-сөйлеу құрылғылары қосылған жағдайда әрекет ету қағидаларын еске салады:

1) Радионы, радиохабар тарату және теледидар қабылдағыштарын қосыңыз;

2) Уәкілетті органның ведомстволық интернет-ресурсындағы, сондай-ақ, басқа да қолжетімді бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпаратты оқып, тыңдаңыз;

3) Берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Түсіністікпен қарап, сабырлық танытып, үрейге бой алдырмауыңызды сұраймыз!

 

 

 

Ұқсас жазбалар

Баспана, медициналық көмек және жеңілдіктер: мәдениет саласындағы әлеуметтік қолдау тетіктері

Елімізде мәдениет саласы қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бағытындағы шаралар кезең-кезеңімен күшейтіліп жатыр. Аталған бағыттағы жұмыстар Мемлекет…

Студенттер экологиялық сағат өткізді  

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті Жәңгір хан атындағы…

Астанада дрон көмегімен заңсыз топырақ ұрлағандар анықталды

Астана полициясы дрон арқылы мониторинг жүргізіп, Айтматов көшесінде топырақ ұрланып жатқанын анықтады.