Categories Жайық news

Bereke Bank иесі 21,3 млрд теңгеге ұшақ сатып алған

2024 жылдың қазанында Қазақстандағы Bereke Bank-ті 65 млрд теңгеге сатып алған Катарлық Lesha Bank, өз сайтында Airbus A320neo ұшағын 150 млн катар риалына (шамамен 21,3 млрд теңге) сатып алғанын хабарлады.

Ұшақ ұшақтар мен авиациялық бөлшектерге инвестиция салу, оларды сатып алу және басқарумен айналысатын немістің EMP Aviation Trading GmbH компаниясынан алынғаны айтылды.

Lesha Bank бұл сатып алуды «банк тарапынан әртараптандырылған авиациялық платформа құру стратегиясына сай жүзеге асырылған стратегиялық қадам» деп бағалап отыр.

Бұған дейін Lesha Bank бас директоры Мохаммед Исмаил әл-Эмади банк 2024 жылы бес Boeing 777-300ER ұшағын сатып алып, оларды жалға бергенін айтқан болатын.

Сол кезде банк АҚШ пен Катарда элиталық жылжымайтын мүлік сатып алып, Ұлыбританиядағы білім беру платформасына және төлем технологияларын интеграциялау фирмасына инвестиция салған.

Ал 2025 жылдың сәуірінде Lesha Bank Дохадағы Вест-Бэй ауданынан тұрғын үй кешенін сатып алғанын хабарлады. Келісім құны 280 млн катар риалын немесе шамамен 39,3 млрд теңгені құрады. Бұл сома — Bereke Bank-ті сатып алуға жұмсалған қаражаттың 60,5 пайызына тең.

Ұқсас жазбалар

Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті

Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті. ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минутта жетіп, өртті…

Маңғыстаулық әйел балабақшада ұлының жарақат алуына байланысты әділ тергеуді талап етеді

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының тұрғыны Жанар Көмекбаева мемлекеттік балабақшада ұлының ауыр жарақат алып, мүгедек болып…

Каспий теңізінде ағыс алып кеткен екі адам құтқарылды

Каспий теңізінде демалып жүрген екі ер адамды қатты ағыс ашық теңізге қарай алып кеткен. Олар…