Categories Жайық news

Инфаркт қаупін азайтады: Жүректі сақтаудың ең қарапайым әдісі аталды

Мамандар жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу үшін күнделікті небәрі 30 минуттық дене белсенділігінің жеткілікті екенін мәлімдеді. Бұл күрделі жаттығуларды қажет етпейтін қарапайым әдіс көптеген аурудың қаупін едәуір төмендетеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Дәрігерлердің айтуынша, жүрек – үнемі жаттығуды қажет ететін бұлшықет. Егер оған тұрақты түрде күш түсірмесе, ол әлсіреп, өз қызметін толық атқара алмайды. Сондықтан орташа деңгейдегі физикалық белсенділік қан айналымын жақсартып, қан қысымын реттеуге көмектеседі.

Бұл ретте Америкалық кардиологиялық қауымдастық нақты кеңестер ұсынды. Сарапшылардың пікірі көпшілік ойлағандай қиын емес.

«Денсаулықты жақсарту үшін аптасына кем дегенде 150 минут орташа қарқынды аэробты жаттығу жасау қажет. Бұған жылдам жүру, велосипед тебу, билеу немесе суда жүзу сияқты белсенділік түрлері кіреді», – делінген қауымдастық кеңесінде.

Ең бастысы – тұрақтылық. Күнделікті 30 минуттық серуеннің өзі жүректің жұмысын жақсартып, артық салмақтан арылуға және жалпы көңіл-күйді көтеруге септігін тигізеді. Бұл үшін арнайы спортзалға барудың немесе қымбат құрал-жабдық сатып алудың қажеті жоқ.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Адамзат тарихындағы жаңа кезең: 50 жылдан астам уақыттан соң астронавтар Айға аттанды

50 жылдан астам үзілістен кейін адамзат Айға қайта оралды. "Артемида-2" миссиясы аясында төрт астронавт Жер…

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: рота командирі сот алдында жауап береді

Жамбыл облысында қаза тапқан сарбаз Еркебұлан Рүстемұлының өліміне қатысты іс сотқа жолданды. Рота командиріне салғырттық…

Маман: «Психологтарды коуч деп атау керек»

Қазақстанда психологтардың қызметін реттеуге қатысты жаңа ережелер әзірленіп жатыр. Сарапшы бұл бастамаға қатысты өз пікірін…