Ұлттық банк пен Үкіметтің үйлесімді жұмысы нарыққа тұрақтылық әкеледі

Үкіметтің соңғы отырысында Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов кеңейтілген баяндама жасап, ақша-кредит және фискалдық саясат бойынша министрлер кабинетімен өзара іс-қимыл қағидаларын таныстырды.

Монетарлық реттеуші 2026–2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі Бірлескен іс-қимылдар бағдарламасы аясында Ұлттық банк, Үкімет пен ҚНРДА жұмысының негізгі бағыттарын түсіндірді.

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, ақша-кредит саясаты инфляцияны төмендетуге, инфляциялық күтулерді тұрақтандыруға және теңгеге деген сенімді нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар, базалық мөлшерлемені бекітуде тәуекелдер балансы, сыртқы конъюнктура, ішкі сұраныс, жұмыспен қамту және басқа да экономикалық факторлар жан-жақты талданады.

Экономистер мен сарапшылардың пікірінше, Ұлттық банк пен Үкіметтің үйлесімді жұмысы нарыққа тұрақтылық әкеліп, ел экономикасына сенімділікті арттырады.

Cypeт: Ұлттық банк

Ұқсас жазбалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Сенатының Маршалын қабылдады

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Республикасы Сенатының Маршалы Малгожата Кидава-Блоньскамен кездесу өткізді.

Демалыс күндері 41 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер 20-21 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Демалыс күндері ауа райының өзгеруі атмосфералық фронттардың…

Қазақстан мен Черногория президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы мен Черногория президенті шағын құрамда келіссөз өткізді.