Мемлекет басшысы Беларусь президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жеделхатта бұл күннің символдық мәні ерекше екені, ол беларусь халқының бірлігін, ұлттық рухының мықтылығын және елдің жасампаздық пен өркениет жолындағы батыл қадамын айшықтайтыны атап өтілген. Қазақстандықтар бауырлас беларусь халқына айрықша ықылас танытып, оның төл мәдениеті мен бай дәстүріне зор құрметпен қарайды.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Беларусь арасында достық пен стратегиялық серіктестік рухына сай жемісті әрі өзара тиімді ынтымақтастық жолға қойылғанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенкоға жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал Беларусь халқына бақ-береке тіледі.

Ұқсас жазбалар

Бішкекте ұшақ апаты: «Манас» әуежайындағы барлық рейс уақытша тоқтатылды

Бішкектегі «Манас» әуежайында Tez Jet ұшағы қону кезінде шассиі сынып, сол қанатына қисайып қалды. Жолаушылар…

Астанада Сығанақ көшесінде жеңіл автокөлік өртенді

Астананың Нұра ауданында Сығанақ көшесінде жеңіл автокөлік өртеніп, құтқарушылар өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі…

Берік Асылов Қазақстанның Бас Прокуроры болып қайта тағайындалды

Берік Асылов Қазақстанның Бас Прокуроры болып қайта тағайындалды. Ол бұл қызметті 2022 жылдың наурыз айынан…