Categories Жайық news

Шымкенттегі кісі өліміне ұласқан төбелес: Іздеудегі тағы үш күдікті ұсталды

Шымкентте 40 жастағы ер адамның өлімімен аяқталған жаппай төбелеске қатысты іздеуде болған тағы үш күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл ақпаратты қорғаушы тараптың адвокаты Талғат Есімов растады. Оның айтуынша, күдіктілер көршілес Түркістан облысында жасырынып жүрген.

«Күдіктілер Түркістан облысының Түлкібас ауданынан табылды. Қазір оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді адвокат.

Бұған дейін Шымкентте бір топ адамның жаппай төбелесіп, соның салдарынан 40 жастағы ер адамның қаза тапқаны хабарланған еді. Оқиғадан кейін полиция бірнеше күдіктіге іздеу жариялаған болатын.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Орал қаласының педагогы бір уақытта 5 мектепте жұмыс істеген  

Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысының білім беру жүйесі де цифрлық басқару әдістерін қолдана отырып, оқу…

АҚШ пен Иран арасы шиеленісті: Трамп Ормуз бұғазын толық бұғаттау туралы мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келіссөздер сәтсіз аяқталғаннан кейін әскери-теңіз күштеріне Ормуз бұғазын жабуды тапсырды.

Трамптың бір сөзінен кейін мұнай бағасы 100 доллардан асып кетті

Дональд Трамптың Ормуз бұғазын бұғаттау туралы сөзінен кейін Brent маркалы мұнай бағасы бір баррель үшін…