Categories Жайық news

БҚО жылыту маусымына дайындықты пысықтап жатыр

Батыс Қазақстан облысында 2025–2026 жылғы жылыту маусымына дайындық мәселелері талқыланды. Кеңесті облыс әкімі Нариман Төреғалиев өткізді.Бұл туралы Жайықмедиа тілшісі хабарлайды.

Энергетика және ТКШ басқармасының мәліметінше, денсаулық сақтау нысандарының дайындығы 98%-ға жеткен. Қазіргі таңда бірқатар ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, олар қыркүйекте аяқталмақ. Білім беру мен мәдениет нысандары 99%-ға, спорт және әлеуметтік сала нысандары 100%-ға дайын.

Орал қаласындағы 1210 көпқабатты үйдің 963-і дайындық паспортын алды. Әкімдік бес жатақхананы ерекше бақылауға алған. Олар Жәңгір хан, Ружейникова, Ақотау, Х. Чурина және Доспанова көшелерінде орналасқан.

«Жайықжылқуат» АҚ жылу желілерін жаңғыртудың 85%-ын орындады. «Батыс Су Арнасы» ЖШС су жүйелерін қайта құруды аяқтауға жақын. Электр және газ инфрақұрылымын жаңарту үшін миллиардтаған теңге бөлінген.

Әкім барлық жауапты мекемелерге дайындықты уақытылы аяқтап, отын қорын жеткілікті деңгейде қамтамасыз етуді тапсырды.

Ораз Бердалы ( тілші)

Ұқсас жазбалар

Трамп Ford зауытының жұмысшысына ортаңғы саусағын көрсетті

Бұл жағдай президенттің Мичигандағы Ford зауытына сапары кезінде болған. Сол сәтте жұмысшы Трампты педофилдерді қорғаушы…

2026 жылы теңге не болады? Сарапшы болжамы көңіл көншітпейді

Белгілі қаржыгер Расул Рысмамбетов 2026 жылғы теңге бағамына қатысты болжамын айтты. Сарапшының пікірінше, тұрақтылық күтуге…

Vibrant 3D rendering depicting the complexity of neural networks.

Илон Масктың Grok AI жүйесі: «Адамдардың суретін бикинимен көрсетуге тыйым салдық»

Илон Масктың X платформасы Grok жасанды интеллектісіне адамдардың суретін өңдеп, ашық киіммен көрсетуге тыйым салды.…