Categories Жайық news

Түркістанда 20 жастағы жігітті өлімші етіп сабағандар үйқамаққа жіберілген

Түркістан облысында көкпар ойыны жаппай төбелеспен аяқталып, 20 жастағы жігіт өлім аузынан қалды. Оны аяусыз соққыға жыққан күдіктілердің қамаудан босатылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Оқиға салдарынан ауыр жарақат алған – 20 жастағы Ақбаржан Әбдімәжитов. Жәбірленушінің жақындарының айтуынша, топтасқан 25-ке жуық адам бес жігітке тап берген. Олар есінен танып құлаған Ақбаржанның басынан секіріп, кейін көлікке тиеп, елсіз далаға апарып тастаған.

Ауыр халде табылған жігіт бір апта бойы жансақтау бөлімінде жатып, жақында ғана палатаға ауыстырылды. Алайда ол әлі күнге дейін есін толық жия қоймаған.

«Баламыздан айырылып қала жаздадық. Енді аурухананы күзетуге мәжбүрміз, себебі 25 адамның біреуі де қамалған жоқ. Олардың бостандықта жүруі баламыздың өміріне тағы да қауіп төндіреді», – дейді жәбірленушінің ата-анасы.

Ал Түркістан облыстық полиция департаменті жаппай төбелеске қатысты екі күдіктінің анықталып, қамауға алынғанын мәлімдеді. Алайда көп ұзамай ведомство өкілдері олардың үйқамаққа жіберілгенін растады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…