Categories Жайық news

АҚШ-та алапат боран: 12 адам қаза тапты, жүздеген мың тұрғын жарықсыз қалды

Америка Құрама Штаттарындағы қысқы дауыл салдарынан кемінде 12 адам қаза тауып, 700 мыңнан астам тұрғын электр жарығынсыз қалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Боран кезінде рекордтық көрсеткіш тіркеліп, қардың қалыңдығы 79 сантиметрге жеткен. Ал 18 штатта қардың биіктігі 30 сантиметрден асып жығылды.

Нью-Йорк мэрінің хабарлауынша, өткен демалыс күндері жеті адам қайтыс болған. Олардың бірнешеуі бұрын баспанасыздарға арналған орталықты паналаған екен. Мамандар олардың өліміне дененің тоңазуы себеп болғанын болжайды.

Сондай-ақ Кентукки штатында дауылдан үш адам көз жұмды. Канзас штатының шығысында бір әйел үсіп қайтыс болса, Техас штатындағы Остин қаласының билігі де бір адамның ажал құшқанын растады.

Cirium сараптамалық компаниясының мәліметінше, бұл қысқы дауыл Covid-19 пандемиясы басталғаннан бергі ең көп әуе рейсі тоқтатылған табиғи апат болды.

Қалың жауын-шашын мен қатты аяздың салдарынан бірнеше штатта электр сымдары мұз болып қатқан. Осының кесірінен 700 000-нан астам тұрғын әлі күнге дейін жарықсыз отыр.

26 қаңтарда елдің басым бөлігінде мектептер жабылып, оқушылар онлайн форматта білім алды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

«Отаныңа адал қызмет ету»: Тоқаев волонтерлерге қандай баға берді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөйлеп, ерікті болудың мәнін түсіндірді және оларға "қоғамның айнасы" деген…

Жаңаөзендегі жан түршігерлік оқиға: 29 жастағы дәрігерді не үшін 21 рет пышақтаған?

Жаңаөзенде 29 жастағы дәрігер Нұрдәулет Аманғалиевті жұмыс орнында 21 рет пышақтаған. Туыстары қылмысқа қызғаныш себеп…

Қазақстандық қақпашы Чемпиондар лигасының үздік үштігіне кірді

"Қайрат" клубы мен Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі үздік үштікке…