Categories Саясат

Песков: «Зеленский Қазақстанды атады, бірақ Путин Мәскеуде күтеді»

Сурет: ашық дереккөз

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украина басшысы Владимир Зеленскийдің Владимир Путинмен Қазақстанда кездесу өткізу туралы ұсынысына пікір білдірді.

Песковтың айтуынша, Украина тарапы көптеген елдерді атаған, бірақ олардың көпшілігі Ресей үшін қолайсыз.

«Украиндар түрлі ұсыныстар жасады, көптеген елдердің атын атады. Алдымен Қазақстанды емес, біз үшін мүлде қолайсыз мемлекеттерді атаған», – деді ол 24 қыркүйекте Радио РБК-ға берген сұхбатында.

Песков Швейцария мен Австрияны мысалға алып, бұл елдердің енді Ресей үшін бейтарап емес екенін айтты.

«Путиннің сөзі айқын: кездескілеріңіз келсе, Мәскеуге келіңіздер. Біз барлық кепілдікті береміз», – деді ол.

Ұқсас жазбалар

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…

Көктемгі шақыру қорытындысы: Қазақстан әскері 21 мыңнан астам азаматпен толықты

Көктемгі шақыру науқаны аясында Қазақстанның Қарулы күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына 18 бен…