«Алматы автобустарының бастықтары экологияны саудаға салған ба?» — Боқаев тағы да дабыл қақты

Қоғам белсендісі Санжар Боқаев Алматыдағы қоғамдық көліктердің басым бөлігінде катализатор жоқ екенін айтты. Айтуынша, экологиялық талапқа сай құрылғыларды автобус жүргізушілері емес, олардың бастықтары өздері кесіп, сатып жіберетін көрінеді.

Айта кетейік,катализатор – көліктен шығатын улы газды бейтараптандыратын негізгі құрылғы. Ол болмаған жағдайда қозғалтқыш түтіні бірнеше есе зиянды болады.

Белсендінің айтуынша, Алматыдағы ауа сапасы жылдан жылға нашарлап барады. «Миллион тұрғыны бар мегаполисте әр автобус түтін шығарып тұрса – бұл жай салақтық емес, экологияға төндірген қауіп», – деді ол.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы Anadolu Group холдингінің төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Anadolu Group холдингінің төрағасы Камиль Сулейман Языджиді қабылдады. Кездесуде инвестициялық ынтымақтастықты…

Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман Әл-Джассермен кездесті.

Қазақстан аумағы арқылы 13 ірі халықаралық көлік дәлізі өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласы еліміздің ұзақмерзімді даму стратегиясындағы маңызды бағыттардың бірі екенін айтты.