Астанада 6-7 жастағы велосипедші баланы көлік қағып кетті

Сурет: threads.com

Астанада Қошқарбаев даңғылы мен Жұмабаев көшесінің қиылысында 12 маусымда шамамен 6-7 жастағы велосипед мінген баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Куәгерлер бұл оқиға туралы Threads әлеуметтік желісінде жазды. Олар оқиға орнынан фотосуреттер жариялаған.

Астана қаласы полиция департаменті ақпаратты растады. Ведомствоның мәліметінше, Ford автокөлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған велосипедшіні қағып кеткен. Зардап шеккен баланы ауруханаға жеткізген.

Қазіргі уақытта полиция жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр. Бұған дейін Астанада жүк көлігі велосипед мінген баланы қағып кеткен еді.

Ұқсас жазбалар

Президент Ақалтеке тұқымды құлындарға Ақниет және Бөрте есімін берді

Мемлекет басшысы асыл тұқымды Ақалтеке жылқыларын тамашалап, жаңа туған құлындарға Ақниет және Бөрте деген есім…

Президент асыл тұқымды арғымақтарын көруге арнайы барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев асыл тұқымды арғымақтарды көруге арнайы барды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампты туған күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампты туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім…