Categories Жайық news

СҚО-да бес жасар қызды үйге қамап кеткен: бала тірідей жанып кетті

Солтүстік Қазақстан облысында жеке тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан бес жасар қыз бала көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, ересектер пеш жағып, баланы үйге сыртынан құлыптап, қонаққа кеткен, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 18 қаңтар күні кешке Ольшанка ауылында болған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде үй толығымен отқа оранып, шатыры опырылып үлгерген.

Жалынды сөндіру кезінде құтқарушылар кәмелетке толмаған баланың денесін тапты.

«Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себеп болған», – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, үйде бес жасар қыз жалғыз қалған. Қазіргі уақытта баланың анасымен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Адамзат тарихындағы жаңа кезең: 50 жылдан астам уақыттан соң астронавтар Айға аттанды

50 жылдан астам үзілістен кейін адамзат Айға қайта оралды. "Артемида-2" миссиясы аясында төрт астронавт Жер…

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: рота командирі сот алдында жауап береді

Жамбыл облысында қаза тапқан сарбаз Еркебұлан Рүстемұлының өліміне қатысты іс сотқа жолданды. Рота командиріне салғырттық…

Маман: «Психологтарды коуч деп атау керек»

Қазақстанда психологтардың қызметін реттеуге қатысты жаңа ережелер әзірленіп жатыр. Сарапшы бұл бастамаға қатысты өз пікірін…