Categories Жайық news

СҚО-дағы жантүршігерлік өрт: Әкесі мен екі сәбиі тірідей жанып кетті

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданындағы Майбалық ауылында жеке тұрғын үй өртеніп, үш адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 11 қаңтар күні кешке болған. Тілсіз жау шарпыған сәтте үйде отағасы мен оның екі кішкентай баласы болған. Үш жастағы және бір жастан жаңа асқан екі сәби әкесімен бірге оқиға орнында көз жұмды.

Ал балалардың анасы өрттен аман шыққан. Оның қалай құтқарылғанының мән-жайы қазір анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар департаментінің алдын ала мәліметі бойынша, өрттің неден шыққаны әлі белгісіз. Полиция адам өлімі дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғады.

Ауыл тұрғындары отбасының ішімдікке салынғанын айтады, алайда бұл ақпарат әзірге ресми расталған жоқ.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ұқсас жазбалар

ТЖМ су айдындары мен өрт қауіпсіздігі бойынша ескерту жасады

ТЖМ шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, өрт қауіпсіздігі бойынша да ескерту жасады.

Оралда Астана күніне орай көпшілік велошеру болды

Оралда Астана күні мерекесіне орай көпшілік велошеру ұйымдастырылды. Спорттың бұқаралығын арттыру және салауатты өмір салтын…

6 шілдеде батыс өңірлерде аптап ыстық күтіледі

«Қазгидромет» болжамы бойынша, 6 шілдеде Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Батыс өңірлерде 35-40 градус…