Categories Қаржы

Қазақстандықтардың 73,7%-ы қаржысын есепке алады — зерттеу

Сурет: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

Қазақстандықтардың 73,7%-ы жеке табысы мен шығысын белгілі бір дәрежеде есепке алады. Бұл Қазақстандық қоғамдық даму институтының зерттеуінде көрсетілген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Зерттеу нәтижесі бойынша, респонденттердің 34,9%-ы барлық қаржылық операцияларын жүйелі түрде тіркейді. Ал 38,8%-ы табысы мен шығысын шамамен есептеп отырады.

Сауалнамаға қатысқандардың 73,7%-ы жеке қаржысын белгілі бір деңгейде бақылап отырады. Оның ішінде 34,9%-ы барлық қаржылық операцияларды тұрақты түрде тіркесе, 38,8%-ы шамамен есеп жүргізеді. Сонымен қатар респонденттердің 17,1%-ы шығыстарын мүлде бақыламайтынын айтса, 6,9%-ы мұндай есеп жүргізуді қажетсіз деп санайды, — делінген зерттеу қорытындысында.

Сарапшылардың айтуынша, қаржылық тәртіпке отбасы жағдайы да әсер етеді. Кәмелетке толмаған балалары бар респонденттердің 78,7%-ы табысы мен шығысын тұрақты немесе ішінара есепке алады. Ал балалары жоқ азаматтар арасында бұл көрсеткіш 70%-ды құраған.

Зерттеу авторларының пікірінше, жақындары алдындағы қаржылық жауапкершілік отбасылық бюджетті саналы түрде басқаруға ықпал ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады.

Ұқсас жазбалар

6 шілдеде әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеді

Әлемдік нарықта эталондық мұнай сұрыптарының бағасы төмендеп, негізгі маркалар арзандады.

Қазақстан 2026 жылға дейін алма импортын шектеуді жоспарлап отыр

Қазақстан 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін алма импортына уақытша шектеу енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы…

ОПЕК+ елдері тамызда мұнай өндіруді арттыруға келісті

ОПЕК+ құрамындағы жеті мемлекет тамыз айында мұнай өндіру лимитін тәулігіне 188 мың баррельге арттыруға келісті.