Categories Саясат

Психологиялық көмек: жаңа стандарттар қалай енгізіліп жатыр?

Сурет: Aikyn.kz

2023 жылдың желтоқсанында «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының төрағасы Шолпан Каринова психологиялық қызметті дамытуға арналған жаңа бастаманы ұсынды. Бұл саладағы сапа стандарттарын көтеруге бағытталған жоба еліміздің барлық өңірінде қолдау тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жоба аясында психологтардың біліктілігін арттыру, қызмет көрсету сапасын бақылау және халыққа қолжетімділікті кеңейту көзделген. Әсіресе ауылдық жерлерде психологиялық көмекке сұраныс жоғары екені атап өтілді.

«Біздің мақсатымыз – әрбір азаматтың сапалы психологиялық көмек алуына жағдай жасау. Ол үшін бірыңғай стандарттар енгізіп, мамандарды даярлау жүйесін жетілдіру қажет», – деді Шолпан Каринова.

Батыс Қазақстан облысында да бұл бастама қолдау тапқан. Өңірдегі психологиялық орталықтардың жұмысы жаңа талаптарға сәйкес қайта қаралып жатыр. Мамандардың айтуынша, бұл өзгерістер халықтың психологиялық денсаулығына оң әсер етеді.

Ұқсас жазбалар

Қазақстандық жас математиктер Балқан олимпиадасында әлемнің үздік бестігіне енді

Қазақстандық жас математиктер Румынияда өткен Балқан олимпиадасында 2 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль…

Черногория Президенті Қазақстанның реформаларын жоғары бағалады

Черногория Президенті Яков Милатович Қазақстанға жасаған тұңғыш ресми сапары барысында Kazinform агенттігіне эксклюзивті сұхбат беріп,…

«Жас сақшы» полиция сыныптарының алғашқы түлектері сертификат алды

Ішкі істер министрлігі «Жас сақшы» полиция сыныптарын дамыту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Бұл сыныптар өскелең…