Categories Жайық news

АҚШ Иранға соққы беруге дайындалып жатыр: Сарапшылар жақын арада соғыс басталатынын болжады

Америкалық әскери сарапшылар АҚШ-тың Иранға қарсы әскери операцияға белсенді дайындалып жатқанын мәлімдеді. Олардың болжамынша, аятолла режиміне қарсы соққы бір аптаның ішінде жасалуы мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Сарапшылардың пікірінше, бұған бірнеше жанама дәлел бар. Мысалы, бұған дейін Иранды бомбалау туралы жиі айтып келген Fox News телеарнасы мен британдық МI6 барлау қызметі кенеттен тыныштық сақтай бастаған.

Сонымен қатар, CNN телеарнасы Орталық барлау басқармасының штаб-пәтері орналасқан Лэнгли қалашығында түнде пицца мен сушиге тапсырыс күрт көбейгенін хабарлады. Бұл – әдетте АҚШ-тың ірі әскери операциясы басталмас бұрын байқалатын белгі.

Әскери операцияның нақты мақсаттары әзірге белгісіз. Дегенмен, сарапшылар АҚШ-тың әскери және мемлекеттік нысандарды, сондай-ақ Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи жасырынған болуы мүмкін бункерді нысанаға алуы ықтимал деп санайды. Кейбір дереккөздер Хаменеидің Мәскеуге ұшуға дайындалып жатқаны туралы ақпарат таратты.

Сарапшылардың болжамы бойынша, бұл Батыс күштері үшін жылдам жеңіс болуы мүмкін. Себебі қазіргі таңда Иранның көптеген қаласында халық режимге қарсы наразылық білдіріп жатыр. Шет елде жүрген Иранның тақ мұрагері Реза Пехлеви де халыққа қолдау көрсетуде.

«Хаменеи ертең таңертең ұсталған 10 мыңға жуық наразыны жаппай дарға асу арқылы көпшілік алдында өлім жазасына кесуді жоспарлап отыр. Егер бұл жүзеге асса, Иран ұзақ уақыт бойы өртеніп, арты бықсып жататын болады», – делінген сараптамалық жазбада.

Мұндай жағдайда Ирандағы әзербайжандар, күрдтер, түрікмендер, кашкайлар мен белудждер Ираннан бөлініп, тәуелсіздік алуы мүмкін деген де болжамдар айтылуда.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті

Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті. ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минутта жетіп, өртті…

Маңғыстаулық әйел балабақшада ұлының жарақат алуына байланысты әділ тергеуді талап етеді

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының тұрғыны Жанар Көмекбаева мемлекеттік балабақшада ұлының ауыр жарақат алып, мүгедек болып…

Каспий теңізінде ағыс алып кеткен екі адам құтқарылды

Каспий теңізінде демалып жүрген екі ер адамды қатты ағыс ашық теңізге қарай алып кеткен. Олар…