Categories Жайық news

Картаңыз бұғатталса, абай болыңыз: Қазақстанда алаяқтықтың қауіпті түрі тарады

Қазақстанда алаяқтықтың жаңа, күрделі түрі тарап жатыр: қылмыскерлер алдымен азаматтардың банк картасын бұғаттап, содан кейін өздері хабарласып, ақшасын жымқыруға тырысады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Алаяқтық схемасы былай жұмыс істейді: қаскүнемдер банкке қоңырау шалып, өзін карта иесі ретінде таныстырады. Олар картаны жоғалтып алғанын айтып, оны дереу бұғаттауды сұрайды.

Осыдан кейін алаяқтар картаның нағыз иесіне хабарласып, өздерін банктің қауіпсіздік қызметінің немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, сеніміне кіруге тырысады.

«Алаяқтар “картаны бұғаттан шығару” немесе ақшаны “қауіпсіз шотқа” аударуды сылтауратып, интернет-банкингке кіруге қажетті деректерді: SMS-кодтарды, құпиясөздерді немесе CVV/CVC-кодтарды алуға тырысады», – деп түсіндірді Ұлттық банк өкілдері.

Мамандар карта бұғатталған жағдайда тек банктің ресми call-орталығына хабарласу қажет екенін ескертеді. Оның нөмірі картаның артқы жағында немесе мобильді қосымшада көрсетілген.

Ұлттық банк қаржы ұйымдарының қызметкерлері ешқашан SMS арқылы келген құпиясөздер мен кодтарды сұрамайтынын және мобильді құрылғыға қашықтан қол жеткізуге арналған бөгде қосымшаларды орнатуды талап етпейтінін қатаң ескертті.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

БҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан…

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлына санавиация жіберуді сұрайды

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлын санитарлық авиациямен тасымалдауға көмек сұрап, үндеу жариялады. Бала бесінші қабаттан…

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол 532 мың теңгені аудармай, 9,8…