Categories Спорт

Әлем чемпионаты: бүгін үшінші тур ойындары басталады

Сурет: sportilinet.kz

Бүгін футболдан әлем чемпионатының үшінші тур кездесулері басталады. 25 маусымға қараған түні A, B, C топтарының құрамалары алаңға шығады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Турнир ережесі бойынша соңғы тур матчтары бір уақытта өтеді. Елорда уақытымен 00:00-де В тобындағы командалар ойнайды. Босния және Герцеговина Катармен, ал Швейцария Канадамен кездеседі. Топтағы жағдай әлі анықталмағандықтан, жеңіс барлық команда үшін маңызды.

Сағат 03:00-де С тобында шешуші ойындар өтеді. Марокко Гаитимен, ал Шотландия Бразилиямен ойнайды. Бразилияның жұлдызы Неймар алаңға шығуы мүмкін, ол физикалық жағдайына байланысты алғашқы екі матчты өткізіп алған еді.

А тобындағы соңғы тур ойындары 06:00-де басталады. Оңтүстік Африка Республикасы Оңтүстік Кореямен, ал Чехия турнир қожайыны Мексикамен кездеседі. Мексика құрамасы тобында бірінші орын алып, плей-оффқа мерзімінен бұрын шыққан болатын.

Әлем чемпионатының матчтарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ ойындарды qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттарынан, «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасынан және «Birge.tv» платформасынан онлайн көруге болады.

Ұқсас жазбалар

Азия чемпионатында Қазақстанның әйелдер күрес құрамасы бес медаль алды

Таиландта өтіп жатқан U20 Азия чемпионатында Қазақстанның әйелдер күрес құрамасы екі күміс және үш қола…

Мысыр құрамасы Аустралияны пенальтиде жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Мысыр құрамасы Аустралияны пенальти сериясында 4:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты.

Әлем чемпионаты: бүгін 1/16 финалдағы соңғы үш жолдама сарапқа салынады

Футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалындағы соңғы үш кездесу өтеді. Осы ойындардың нәтижесінде 1/8 финалдың толық…