Categories Жайық news

Жерді сату мен жалға беру: Қазақстанда тағы үш маңызды қызмет онлайнға көшті

Қазақстанда жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер тізімі кеңейіп, енді бірқатар маңызды рәсімді онлайн атқаруға мүмкіндік туды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, eGov.kz порталына жерге қатысты тағы үш жаңа қызмет қосылды. Бұл азаматтар үшін рәсімдерді жеңілдетіп, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Енді портал арқылы келесі қызметтерді онлайн алуға болады:

  • Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту;
  • Жер телімін жеке меншікке немесе бөліп төлеу арқылы сату;
  • Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім алу.

«Бұл жаңа сервистер мемлекеттік қызметтерді алуды ыңғайлы етуге, оларды көрсету мерзімін қысқартуға және жер қатынастары саласындағы рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған», – делінген ресми хабарламада.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ІРІ КЕМЕ КАСПИЙГЕ АТТАНДЫ

Оралда Отан қорғаушы күніне орай еліміздегі ең ірі кеме суға түсірілді. Салтанатты рәсімге облыс әкімі…

8 жылу орталығы «қызыл» аймақтан шықты: Қазақстандағы жылу маусымы қалай өтті?

Қазақстанда 5 жылу электр орталығы «қызыл» аймақтан шықты. Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша, еліміздегі сегіз…

PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

Астана тағы да әлемдік киберспорттың назарын өзіне аударады. Қалада PGL Astana 2026 халықаралық турнирі өтеді.…